Шымкентте пәтерден қыздың мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте пәтерден қыздың мәйіті табылды

Шымкентте пәтерден қыздың мәйіті табылды

Шымкенттегі көппәтерлі үйден пышақ жарақаты салынған қыздың мәйіті табылды.

  • 21 Қаңтар 2022
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми мәліметке сәйкес, 17 қаңтарда Абай аудандық полиция басқармасына 1 мамыр көшесі бойында орналасқан пәтерден қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, марқұмның кім екенін анықтады. Жасы 27-де, мәйітті қарау кезінде пышақ жарақаттары анықталды.

"Осыған байланысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жедел іздестіру шаралары барысында 18 және 19 жастағы Түркістан облысының тұрғындары ұсталды", — дейді полицейлер.


Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар