Жарияланды: 640

Шымкентте қала күні атап өтілуде

Шымкентте қала күні атап өтуге арналған ресми шаралар өткізілуде.

Кеше облыс әкімі Болат Жылқышиев пен облыс орталығының әкімі Ғалым Жұмжаев құрылыс жұмыстарын аяқтау қала күніне орайластырылған бірқатар нысандардың ашылуына қатысты. Атап айтсақ, "Жусан" атты сауда үйі, спирт дәне ликер-арақ өндірісі мен жаңа екі гүл бағы ашылды. Бүгін, 26-қыркүйекте облыс пен қала әкімдері ескі қаланың орнында бой көтерген тарихи қала-саябақты салтанатты түрде ашады. Ал "Кең-баба" этносаябағында жетімдер мен кедей отбасындағы балаларға арналған қайырымдылық шарасы өткізіледі. Қала күніне арналған салтанатты жиын облыстық театрда 18 сағатта басталады. Ал орталық алаң мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің жанындағы алаңда жастардың салтанатты шарасы өтеді. Қала күніне арналған негізгі салтанатты шаралар сенбіге белгіленген. Бұл күні барлық саябақтар мен гүл бақтарында халық серуендері өтіп, кешкісін орталық алаңда қазақ эстрадасының жұлдыздары ән шырқайды. Бұл шара мерекелік от шашумен аяқталады. Бұған дейін Шымкентте қала күні қазан айында атап өтілетін. Алайда соңғы екі жыл бойы мерекелік шараларға күн райы кедергі келтіргендіктен мерекенің мерзімі қыркүйекке ауыстырылды. Сол себепті былтырдан бері Шымкентте қала күні қыркүйектің соңғы сенбісінде тойлануда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін