Алғашқы отырыс бұрнағы күні Әл-Фараби аудандық сотында болды. Істі судья Шара Бейсембаева жүргізуде. Ө. Әметпен бірге іс бойынша тағы 4 адам: қалалық әкімдіктің тұрғын үй коммуналдық бөлімінің бұрынғы бастығы Қалдыбек Нарқұлов және тағы Шымкенттің үш тұрғыны жауапқа тартылуда. Олар алаяқтық, тонау және жалған кәсіпкерлікке айыпталып отыр.
Қылмыстық істің құжаттары 48 томды құраған. Сотталушы Ө. Әмет ешқайда кетпеу жөнінде қолхат берген.
Бұрын хабарлағанымыздай, Ө. Әмет Ордабасы ауданының әкімі, Түркістан әкімі, Сайрам ауданының әкімі болып қызмет атқарған. Шымкент қаласының әкімі болған. Ал облыс әкімдігіне Өмірзақ Шүкеев келгеннен кейін ол «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының директоры қызметіне ауысқан. Былтыр қыркүйекте ол өз еркімен қызметінен кеткен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті