Шымкентте қарақшылар қарт әжейдің алқымын алмаспен тіліп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте қарақшылар қарт әжейдің алқымын алмаспен тіліп кетті

Шымкентте қарақшылар қарт әжейдің алқымын алмаспен тіліп кетті

Қалтасында көк тиыны жоқ зейнеткерді қарақшылар алдымен бетін, кейін тамағын алмаспен тіліп кеткен.

  • 5 Ақпан 2018
  • 166
Фото - Caravan.kz

Шымкентте қарақшылар қарт әжейді үйінің ауласында алқымын алмаспен тіліп кетті. Сұмдық жағдай бесінші ақпан күні таңғы сағат сегіздер шамасында болған. Әжейдің сөзінше, бір-екі азамат оған тап беріп, ақша талап еткен, деп хабарлайды otyrar.kz.

Қалтасында көк тиыны жоқ зейнеткерді қарақшылар алдымен бетін, кейін тамағын алмаспен тіліп кеткен.

«Есік алдында тұрған едім, бір — екі жігіт келді. Менен ақша сұрады. Ақша жоқ деген едім, алдымен ернімді тілді. Кейін тамағымды тіліп кетті. Ары қарай есімде жоқ. Мен ол адамдарды танимын. Мені қинап болған соң, немереме де тиісті».

Абырой болғанда, қарт кісінің жарақаты жеңіл болған. Дәрігерлер оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Өміріне келер қауіп жоқ. Ал әжейдің өзі бұл жағдай бойынша полиция бөліміне арыз түсірді.


Соңғы жаңалықтар