Шымкентте қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттайды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттайды

Шымкентте қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттайды

Шымкент. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шымкент қалалық әкімшілігі жолушыларды тасымалдау қауымдастығы мүшелерінің қоғамдық көлікте жол жүру ақысын қымбаттату жөніндегі талабының негізді екенін мойындады. Бұл туралы Шымкент әкімінің орынбасары Арман Құмашев хабарлады.

  • 7 Мамыр 2008
  • 465
Фото - Caravan.kz

«Жанар-жағармай, қосалқы бөлшектер мен басқа да заттардың бағасы күрт қымбаттады. Сол себепті біз тасымалдаушылардың талаптары әділетті деп санаймыз», — деді А. Құмашев.

Әкім орынбасарының айтуынша, тарифті көтеру өтініші бекітіледі, бірақ, жанар-жағармай бағасы тұрақтанғанға дейін шамалы күте тұру керек. Қазір жанармай мен дизельдік отынның бағасы әр апта сайын қосылуда.

«Әрине, бұл көктемгі егіс науқанының сұраныстарына байланысты, сондықтан баға тұрақтанғанға дейін шамалы күте тұру керек «, — деді А. Құмашев.

Оның айтуынша, алдын-ала есеп жасалды, автобуспен қатынау құнын 40 немесе 45 теңге көлемінде түпкілікті белгілеу мамырдың аяғына немесе маусымның басына межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті