Жиылысқа ҚР ІІМ-нің ішкі әскерлері қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Үмітбек Санабаев басшылық жасауда. Шараға ІІМ ішкі әсері желісімен әскери оқу орындарын тәмамдаған 200-ге жуық лейтенанттар қатысуда.
ҚР ІІМ-нің ішкі әскерлері қолбасшысының әлеуметтік-құқықтық және тәрбиелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Иван Графкиннің айтуынша, жиылыс бағдарламасында негізінен қару түрлерінен атыс, бронетехника айдау, саптық дайындық тәрізді тәжірибелік жаттығулар өткізіледі. Жиылыс 6506 әскери бөлімшеге қарасты Ақтас полигонында өтеді.
Осындай жиылыс Шымкентте алғаш рет өткізіліп отыр. И.Графкиннің айтуынша, жас лейтенанттар үшін мұндай жиылыс өзара танысып, пікір алмасуға мүмкіндік беретін маңызды оқиға. «Лейтенанттар әскери борышын өтейтін бөлімшелер командирлерінің өтінішімен біз лейтенаттардың қызмет барысында жол берген кемшіліктерін жоюға тырысатын боламыз»,- деді И.Графкин.
Жиылыс 9-қазанда аяқталады.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Жаңалықтар
26 Сәуiр