Шымкентте қуаты 2 баллға жететін жер сілкінісі сезілді
Бүгін, 6-сәуірде таңғы 4 сағат 30 минутта Шымкент тұрғындары жер асты дүмпулерін сезінді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. |
Оңтүстік Қазақстан облыстық сейсмологиялық станция қызметкерлерінің хабарлауынша, жер сілкінісінің қуаты 2 баллға жеткен. Жер сілкінісінің ошағы шамамен Шымкенттен 380 шақырымда, Өзбекстан және Тәжікстан шекарасында тіркелді. Нақты мәліметтер Орталық Азия аймағындағы басқа да сейсмологиялық станциялардан алынған ақпараттардан кейін белгілі болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін