Шымкентте қылмыстық топтың 22 жастағы екі мүшесі ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте қылмыстық топтың 22 жастағы екі мүшесі ұсталды

Шымкентте қылмыстық топтың 22 жастағы екі мүшесі ұсталды

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінен 2 шолақ мылтық, «Ф-1» гранатасы және 200 граммнан аса гашиш тәркіленді. ІІМ Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

  • 14 Тамыз 2013
  • 480
Фото - Caravan.kz

«Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шымкент қаласында қылмыстық топтың 22 жастағы екі мүшесін ұстады. Оларды тінту кезінде оқ-дәрісімен бірге 12 калибрлі 2 шолақ мылтық, «Ф-1» гранатасы және 200 граммнан аса гашиш тәркілеп алды», — деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, ұсталғандардың екеуі де Кентау қаласының тұрғындары. Күдіктілер қамауға алынып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.