Шымкентте санавиацияның екінші бортын күтіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте санавиацияның екінші бортын күтіп отыр

Шымкентте санавиацияның екінші бортын күтіп отыр

Санитарлық авиация ұшағының апатына қарамастан, шымкенттік дәрігерлер өздерінің екінші бортқа қатысты өтінімдерін өзгерткен жоқ.

  • 4 Қазан 2017
  • 178
Фото - Caravan.kz

Себебі олардың науқасы әлі де көмекті қажет етеді, деп хабарлайды Otyrar.kz порталы.

Босанған әйел әлі де ауыр хәлде жатыр. 

Порталдың берген ақпаратына сәйкес, "сепсис" диагнозы қойылған 33 жасар әйел Шымкентке Түркістаннан жеткізілген. Облыстық аурухана мамандары санавиация шақыртады. Алайда, ұшақ апатқа ұшырап, көмекке келе жатқан екі профессор оқиға орнында қаза табады. 

 Әйел адамға ота жасалып, жан сақтау бөліміне ауыстырылған.

"Бұл босанғаннан кейін болған жағдай емес, бұл организмнің реакциясы. Өкінішке орай, біз оны жүктілік кезінде бақылаған жоқпыз, босану кезіне қатысқан жоқпыз, сондықтан мен оның жағдайының себебін нақты айта алмаймын. Біз қолда бар мүмкіндіктермен жұмыс жасап жатырмыз", —деп мәлімдеді облыстық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі Вячеслав Цай. 

Ауыр жағдай орын алған кезде республикалық орталықтардан арнайы мамандар шақырту әдеттегі тәжірибе, деп атап өтті дәрігер. Дәрігер өтінімді өзгерткен жоқ, қазір бұл мәселе республикалық деңгейде шешіліп жатыр.


 

Соңғы жаңалықтар