Шымкентте шенеунікке алаяқтық бойынша айып тағылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте шенеунікке алаяқтық бойынша айып тағылды

Шымкентте шенеунікке алаяқтық бойынша айып тағылды

 

  • 3 Қазан 2019
  • 14
Фото - Caravan.kz

Шымкент қалалық статистика департаментінің бас маманы алаяқтық жасады деп айыпталды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz

Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен қалалық статистика департаменті персоналды басқару қызметінің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол Департаменттің баға статистикасы басқармасының жетекші маманы лауазымына жұмысқа орналастырамын деп азаматтан 450 мың теңге сомасында ақшаны алаяқтық жолмен иемденгені үшін күдікке ілініп отыр.


Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.
 

Соңғы жаңалықтар