Шымкентте СПИД жұқтырған әйел қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.91
  • 548.85
-16 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте СПИД жұқтырған әйел қайтыс болды

Шымкентте СПИД жұқтырған әйел қайтыс болды

Шымкентте СПИД жұқтырған жас әйел қайтыс болды. Бұл СПИД-тен қайтыс болған облыстағы алтыншы адам,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-ке қарсы күрес орталығы бас дәрігерінің орынбасары Дәуітбек Жұмағалиев.

  • 9 Шiлде 2003
  • 512
Фото - Caravan.kz

26-жастағы Лена есімді жезөкше әйел 10 жыл бойы есірткі тұтынған . Қыздың ВИЧ індетін жұқтырғанын дәрігерлер осыдан бірнеше жыл бұрын анықтапты. Биылғы ақпан айынан бастап ауру асқына бастаған көрінеді. Аурудың әйел ағзасын жегі құртша жалмағаны соншалық, қайтыс болатын кезде оның дене салмағы небәрі 18 килограммды құраған көрінеді.

Д.Жұмағалиевтің айтуынша, СПИД індетіне шалдыққандарды емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің құны жылына 10-12 мың долларды құрайды. Бірақ облыстық СПИД-орталығы дәрігерлерінің науқастарды тегін емдеуге мүмкіндіктері бар. Әйтсе де, науқастардың басым бөлігі емделуден бас тартады екен. Лена да осындай бас тартқандардың қатарында, бірақ ақырғы демі таусылғанша есірткіден бас тартпаған.
Облыс бойынша барлығы 428 адам ВИЧ індетін жұқтырғандардың ресми тізімінде тұр. Олардың 17-сі жезөкшелікпен айналысады, 9 адам СПИД-ке шалдыққан.