Шымкентте студентті атып өлтірген жігіт ұзақ мерзімге сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте студентті атып өлтірген жігіт ұзақ мерзімге сотталды

Шымкентте студентті атып өлтірген жігіт ұзақ мерзімге сотталды

Шымкентте Қытайдан келген студентті атып өлтірген жігіт 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Және қасындағы төрт бозбаланың біреуі тиісті орынға хабарламағаны үшін бір жылға сотталды. Кісі өліміне әкеп соққан атысқа студенттердің арасындағы жанжал себеп болған.

  • 1 Тамыз 2014
  • 216
Фото - Caravan.kz


Жәнібек Сейітжаппаров,  ОҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы:

-Әңгіменің желісі Жаңа Технологиялар колледжін кім ұстайды, мен ұстаймын әлде сен ұстайсың деген әңгіме. Оразымбетов айтады: «мен ұстаймы»н дейді. Ал Ислам айтады:  «Жоқ біз Ақжол екеуіміз ұстаймыз» дейді. Екеуінің арасында осы сөз әңгіме кетіп, ерегес басталады.  

Колледжде кім мықты деген егес мұнымен бітпей, екі топ көзбе-көз кездесуге келіседі. Студенттердің бір тобы колледж алдында тұрған сәтте екіншісі бұларға көліктен оқ атқан. Өкініштісі сол, қаңғыған оқ ерегеске еш қатысы жоқ, Қытайда оқып жүрген жерінен Шымкентке каникулға келген 16 жастағы Рамазан Есіркепке тиген. Ауыр жарақаттан жасөспірім тәулік өтпей көз жұмды. Бұл оқиға биылғы қаңтар айында Шымкенттің орталығында болған еді. Оқ атқан 19 жастағы Шыңғыс Биболовтың қасында болғандардың үшеуі сот залынан босатылды.