Шымкентте су тазарту құрылғыларының жаңа кешенін салу жоспарлануда
Шымкент. 13 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте күн сайын 200 мың текше метр су тазарта алатын су тазарту құрылғыларының жаңа кешенін салу жоспарлануда, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
Жуырда бір топ мамандар қалалық мәслихаттың депутаттарымен және қалалық әкімдіктің мамандарымен бірге жаңа су жинағыш салынатын жермен танысты.
Жаңа су жинағыш Темірлановка ауылының маңында орналасады деп күтілуде. Жобаның техника-экономикалық негіздемесін жасауға қалалық бюджеттен 48 млн теңге бөлінді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін