Жарияланды: 40

Шымкентте тапа-тал түсте оқушылар пышақтасып, арты атысқа ұласты

Шымкентте тапа-тал түсте оқушылар пышақтасып, арты атысқа ұласты Сурет - Хабар 24

Шымкентте тапа-тал түсте оқушылар атысты.

Мектептер арасындағы төбелес күндізгі сағат 1 жарым шамасында қаланың ортасында болған.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, оқушылар әуелі таспен атысып, артынша бір-біріне дәлдеп, бірнеше мәрте оқ та атқан. 

Куәгер:

- 2030 шақты бала. Бірінің артынан бірі қуалап келе жатыр. Қолдарында – шолақ мылтық. Біреуінде ОСА-ау деймін. Екі рет атты. Тура мына Сайрам мөлтекауданында, жолдың бойында. Ар жағындағы қарсыластары таспен ұрды. Ақыры мына жерде біреуі біреуін пышақтады.

Пышақталған – №65 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы. Қолынан жарақат алған оған оқиға орнына жеткен полицейлер жедел жәрдем шақырды. Оның мұғалімдері балаға шаң жуытпайды. Сөздеріне сенсек, төбелесіп жатқандарды ажыратамын деп барған жасөспірімге әлдекімдер пышақ сілтеген. Ал тәртіп сақшыларын көре сала, оқушылардың көбі ізін суытса, бірнешеуі полицияның қолына түсті. Бейресми ақпарат бойынша, төбелес 65-ші және 46-шы гимназия мен лицейдің жоғары сынып оқушыларының арасында болған.


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін