Шымкентте тәуіпке көрсеткеннен кейін 11 айлық сәби көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте тәуіпке көрсеткеннен кейін 11 айлық сәби көз жұмды

Шымкентте тәуіпке көрсеткеннен кейін 11 айлық сәби көз жұмды

Шымкентте тәуіпке көрсетіп келгеннен кейін 11 айлық сәби шетінеп кетті. Куәгерлердің айтуынша, қалаға сәбиді атасы алып келген. Ол кісі Жетісайға барып, баланы тәуіпке көрсетіп қайтқан, деп хабарлайды TVK.

  • 21 Қыркүйек 2016
  • 490
Фото - Caravan.kz

Мәлім болғандай, атасы көліктен түсе бере, көше бойында бала қалшылдап қоя берген. Жақын маңдағы дәріхана әкімшісінің айтуынша, қыз баланың аяқ-қолы тартылып, селкілдей бастаған. Фармацевтер балаға көмек көрсетіп, жедел жәрдемді шақырған. Алайда, олар келгенше сәби шетінеп кеткен.

Бала бұған дейін Арыста тұрып келген. Оның ата-анасы ажырасып кеткен, анасы Алматыда жұмыс істейтін көрінеді.


Алдын ала болжам бойынша, сәбидің тыныс жолдарында дерт болған.