Қала орталығында өткізілген шараға әйел адамдар ғана қатысып, әрқайсысы 60 жұмыртқадан алуы тиіс болыпты. Бірақ ерлер қауымы да тек тұрмай тегін азыққа тап берген. Олар жұмыртқа үшін жұлысып, абыройдан жұрдай болды. Жұртты сабасына түсіру үшін бұған полицейлердің араласуына тура келген. Таратылған жұмыртқадан, жарылған жұмыртқа көбірек болып бара жатқан соң, акция өткізгендер ақыры қашып құтылды.