Шымкентте жүргізушілері нәзік жандылардан құралған ерекше жедел такси қызмет көрсете бастады, деп хабарлайды otyrar.kz.Олар, тіпті, автокөліктің дөңгелегін өздері үрлеп, аздаған сынған-қираған жұмыстарын да жөндей береді. Айтпақшы, нәзік жандылардың осы қызметке орналасуы үшін қатаң кастинг өтіпті. Сымбатты болу аса маңызды емес, басты талап — жүргізушінің тәжірибесі 4 жылдан кем болмауы тиіс.
Әйел жүргізушілерден құралған жедел такси қызметінің басшылығы осы кәсіпті қолға алар кезде тұтынушыларының басым бөлігі қыз-келіншектер болады деп бағамдапты. Нәзік жандылардың көлігіне отырғандар қызық әңгіме-дүкеннің арқасында алыс жол жақындады, қызықты сапар болды деген пікірлер білдіріпті. Айта кетейік, жедел такси қызметінің жүргізушілері жерлестеріміздің бұл мамандықтарына салмақпен қарауларын сұранады.
