Шымкентте үй тонамақ болған қарақшы үш адамды пышақтап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.03
  • 521.44
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте үй тонамақ болған қарақшы үш адамды пышақтап кетті

Шымкентте үй тонамақ болған қарақшы үш адамды пышақтап кетті

Шымкентте жеке үйге қарақшылық шабуыл жасаған күдікті үш адамды пышақтап кетті. Оқыс оқиға Самал-2 шағынауданында болған.

  • 26 Қазан 2015
  • 355
Фото - Caravan.kz

Күндізгі сағат 10 шамасында бетін тұмшалап алған белгісіз біреу жеке баспананың ауласындағы шағын үйден шығып, үлкен үйге кіреді. Бұл кадрлардың барлығы ауладағы бейне-бақылау камераларына жазылып қалған. Бұл кезде үйде 42 жастағы келіншек пен 11 жасар қызы, 18 жасар туыс бойжеткен болыпты.

Үйге кірген күдікті алдымен келіншекті пышақтайды. Ол құлап қалған соң, екінші қабатқа көтеріліп, жатын бөлмедегі жасөспірім мен туысына пышақ салады. Осы кезде ауыр жарақаттанған келіншек сыртқа жүгіріп шығып, көршілерді көмекке шақырған. Сөйтіп сол жерде есінен танып құлайды. Ауладағы шуды естіген қарақшы қашып кеткен.

Көмекке келген көршілер ұрыны ұстай алмаған. Дегенмен жедел жәрдем шақырып, пышақ жарақатын алғандар ауруханаға жеткізілді. Туыстарының сөзінше, қазір жарақат алғандардың  бәрі де дәрігерлердің бақылауында.

Жүрек тұсынан пышақ жарақатын алған әйелге ота жасалды, ол әлі ес-түзсіз. Ал үш адамды пышақтаған ұры іздестіріліп жатыр. Әзірге белгілісі, ол  үйге түн жарымда кіріп, жасырынып қалған болуы мүмкін. Үй иесі баласын алып мектепке кеткенде арам ойын жүзеге асырмақ болған.


Сондай-ақ, осы арада дәл осы үйге тоғыз ай бұрын да қарақшылық шабуыл жасалғаны анық болды. Ол кезде қарақшылар үй иесінің ұлын өлтіреміз деп қорқытып, қыруар қаражат алып кеткен деген дерек бар. Қазір бұл іспен тәртіп сақшылары айналысуда, деп хабарлайды otyrar.kz.