Шымкентте үш ай бойы қалалықтарды тонаған қылмыстық топ құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте үш ай бойы қалалықтарды тонаған қылмыстық топ құрықталды

Шымкентте үш ай бойы қалалықтарды тонаған қылмыстық топ құрықталды

Үш жігіт Шымкент тұрғындарын тонады деген күдікпен ұсталды. Полиция олардың 3 ай ішінде жасалған 7 ұрлыққа қатыстылығын анықтады, деп хабарлады облыстың ІІД баспасөз қызметінен.

  • 12 Маусым 2014
  • 331
Фото - Caravan.kz


«Абай полиция бөлімінің қызметкерлері үш күдіктіні ұстады. Олар ОҚО Төле би, Мақтаарал, Сайрам аудандарының тұрғындары — 1996, 1997 жылы туылған жас жігіттер болып шықты», — делінген хабарламада.

Полиция деректеріне сүйенсек, ұрлықтар белгілі бір жүйемен жасалған. Күдіктілер көшеде телефонмен сөйлесіп, жалғыз кетіп бара жатқандарды байқап, оларды қорқытып, телефондарын алып қойған. Егер өз еріктерімен бермесе, жәбірленушілерді ұрып-соққан.

Сонымен олардың соңғы құрбаны 32 жастағы Шымкент тұрғыны. Ер адам өзіне бейтаныс адамның жақындап келіп, қорқытып, телефонын тартып алғанын айтқан.

«Ұрланған телефондарды қаскүнемдер әртүрлі сауда нүктелеріне өткізген, түскен қаражатты жұмсап жіберген. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК «Ұрлық» 178 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер құрықталды», — деп хабарлады ІІД-нен.