Шымкентте ымдап сөйлеу тілін үйрететін курс ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте ымдап сөйлеу тілін үйрететін курс ашылды

Шымкентте ымдап сөйлеу тілін үйрететін курс ашылды

Шымкенттіктердің ымдап сөйлеу тілін үйрену мүмкіндіктері туды. Арнайы курстарды Қазақстанның Жастар ақпараттық қызметі ашты, деп хабарлады Kazpravda.kz.

  • 8 Тамыз 2014
  • 537
Фото - Caravan.kz

«Қолдан ұстасу» атауындағы жоба құлағында мүкісі бар жастар қоғамына көмектесуге шақырады.

Курстар тегін жұмыс істейді және оған адамның есту-естімеуі және жасына қарамастан  тілек білдіргендердің барлығы қатыса алады. Оқу бір жарым айға есептелген. Сабақтар аптасына екі рет «Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі» қоғамдық қорының  Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының кеңсесінде өтеді.

Осы күні екі топ бар. Ымдап сөйлеу дәрісін Хайритдин Шахабутдинов үйретеді. Ол ата-анасының екеуі де естімейтін отбасында өскен.

«Базалық деңгей ымдап сөйлеу тілінің негізін, қолмен көрсету әліппесін, есептеуді, лексиканы оқытуды көздеп отыр, — деді «ҚЖАҚ» ҚҚ  Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының директоры Татьяна Драганова. — Ымдап сөйлеу тілін тек құлағында мүкісі барлар ғана оқығысы келмейді. Сонымен бірге, ымдап сөйлеу тілін білген адамның  бейнелі түрде ойлауы қалыптасады, себебі ыммен көрсету — бұл әрқашан бейнелеп көрсету».