Шымкентте "Ынтымақтастық : Оңтүстік Қазақстан - Қытай" атты Қазақстан мен Қытай бірлескен бизнес-форум басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте "Ынтымақтастық : Оңтүстік Қазақстан - Қытай" атты Қазақстан мен Қытай бірлескен бизнес-форум басталды

Шымкентте "Ынтымақтастық : Оңтүстік Қазақстан - Қытай" атты Қазақстан мен Қытай бірлескен бизнес-форум басталды

Шымкент. 25 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте "Оңтүстік" ӘКК ҰК" АҚ мен Қазақстандағы Қытай елшілігі ұйымдастырған "Ынтымақтастық : Оңтүстік Қазақстан - Қытай" атты Қазақстан мен Қытай бірлескен екі күндік бизнес-форум басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 25 Маусым 2008
  • 540
Фото - Caravan.kz

«Біз жеміс және көкөніс жеткізу, оларды өндіру және өңдеу, жылыжайлар салу мәселлерін талқылаймыз. Сондай-ақ, біздің қытайлық серіктестер түрлі шаруашылық салаларына, тіпті Шардарадағы балық питомнигінің базасында тұщы судағы асшаян өсіру секілді сан алуан салаларда инвестициялық қызығушылық танытуда», -деді «Оңтүстік» ӘКК директоры Асқар Мырзахметов.

Бүгін жалпы отырыс өтіп, оның барысында «Оңтүстік» ӘКК іс-қызметінің тұсаукесері өткізіледі. Сондай-ақ, «Қазақстандағы инвестицияларға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау», «Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі Қытайдың 0 инвестицияялық тәжірибесі», «Батыс-Шығыс бағытындағы тьасымалдардың тиімділігін арттыру» атты сессиялар өтіп, Қытайдың бизнес-құрылымдарымен ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері талқыланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті