Шымкентте зардап шеккен көп қабатты 12 үй мен 6 жай үй тұрғындарына көгілдір отын берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте зардап шеккен көп қабатты 12 үй мен 6 жай үй тұрғындарына көгілдір отын берілді

Шымкентте зардап шеккен көп қабатты 12 үй мен 6 жай үй тұрғындарына көгілдір отын берілді

Астана. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" " - Шымкентте зардап шеккен көп қабатты 12 үй мен 6 жай үй тұрғындарына көгілдір отын берілді , деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне сілтеме жасай отырып.

  • 17 Сәуiр 2008
  • 480
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын хабарланғанындай, 15 сәуірде 16 сағат 18 минутта Шымкент қаласында «Қазтрансгаз-Аймақ» АҚ диспетчерлік қызметінің кезекшісінен № 160 төмен қысымды газ құбырының сыртқы суырмасының белгісіз біреулермен жабылғандығы жөнінде ақпарат келіп түсті. Соның салдарынан көп қабатты 12 үй (870 пәтер) мен алты жай үй тұрғындары көгілдір отынсыз қалды.

Баспасөз қызметінде хабарлағанындай, 16 сәуірде сағат 17. 00 төтенше жағдайды ауыздықтауға жұмылдырылған » Қазтрансгаз-Аймақ»АҚ апатты жою бригадасы барлық жұмыстарды толық көлемде орындады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті