Шымкентте зауыттан табылған сәбидің денесі. Астанада күдікті ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте зауыттан табылған сәбидің денесі. Астанада күдікті ұсталды

Шымкентте зауыттан табылған сәбидің денесі. Астанада күдікті ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері жаңа туған сәбиді өлтірді деген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілш

  • 9 Қараша 2017
  • 186
Фото - Caravan.kz

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері жаңа туған сәбиді өлтірді деген күдіктіні ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"​ОҚО ІІД өкілдері жедел-іздестіру шаралары барысында Астанада 26 жастағы әйелді ұстады. Ол Астана тұрғыны болып шықты, өз кінәсін мойындады"​,  деп хабарлады полициядағылар.

Қазіргі уақытта полициядағылар қылмыстың мән-жайын анықтап жатыр. Күдікті жақын арада Шымкентке жеткізіледі. Күдіктіні ұстауға ОҚО ІІД бүкіл құрамы жұмылды.


Еске сала кетейік, 20 қазанда Шымкентте зауыттан сәбидің денесі табылған еді. ІІД мәліметінше, табылған сәби — қыз бала.
 

Соңғы жаңалықтар