Шымкентте жанармай бекетінің қызметкерін өлтірген деген күдікпен 25 жасар жігіт ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жанармай бекетінің қызметкерін өлтірген деген күдікпен 25 жасар жігіт ұсталды

Шымкентте жанармай бекетінің қызметкерін өлтірген деген күдікпен 25 жасар жігіт ұсталды

Шымкент қаласында полицейлер жағармай құю бекетінің қызметкерін өлтірді деген күдікпен 25 жастағы азаматты құрықтады,

  • 17 Қараша 2015
  • 525
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметінен.

2015 жылдың 12 қараша күні Шымкент қалалық ІІБ Еңбекші полиция басқармасының кезекші бөліміне Сайрам ауылында орналасқан жанар-жағармай құю бекеттерінің бірінің жанында зорлық-зомбылықпен өлтірілген ер азаматтың мәйіті жатқаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орын алған жерге жеткен жедел-тергеу тобы 1972 жылы туылған Шымкент қаласының тұрғыны, жанар-жағармай құю бекетінің операторының көптеген пышақ жарақаттарының салдарынан қайтыс болғанын анықтады. 

Аталған жайт Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ-нің сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қоғалды.


ОҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ-нің қызметкерлерімен бірлесе отырып жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Полицейлер араға үш күн салып аталған ауыр қылмысты жасады деген күдікпен 1990 жылы туған Шымкент қаласының тұрғынын құрықтады.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары аталған ауыр қылмыстың орын алу барысы мен себептерін анықтауда.

Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.