Шымкентте жаңа үлгідегі аялдамалар орнатылады - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жаңа үлгідегі аялдамалар орнатылады

Шымкентте жаңа үлгідегі аялдамалар орнатылады

Шымкентте екі түрлі үлгіде 260 жаңа аялдама орнатылмақ. Кішкентай аялдаманың құны 900 мың теңге болса, үлкені 2 миллион теңгені құрайды. Кіші аялдамаларды жолаушысы аз мекендерге қою жоспарлануда.

  • 5 Маусым 2020
  • 39
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа аялдамалар бұрынғысынан сынбайтын терезелерімен ерекшеленеді. Сондай-ақ, аялдамалардың ені бұрын 60 см болса, қазіргісі 40 см болып қысқарады. Оның себебі, белгілі бір тұрғылықты жайы жоқ азаматтар аялдаманы паналамауы үшін жасалған, — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Қоғамдық көлік жүйесін жаңарту кезінде атқарылған жұмыс нәтижесі шалғай елдімекендерге әлі де болса 1200 қоғамдық көлік аялдамасы қажет екенін көрсетті.



Бұл мәселе алдағы 4-5 жыл ішінде кезең-кезеңімен шешілетін болады.