Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан мерт болғандардың саны артты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан мерт болғандардың саны артты

Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан мерт болғандардың саны артты

Шымкентте жол апатынан мерт болғандар саны 14 адамға жетті. Қайғылы оқиғаға кінәлі делінген автобустың 46 жастағы жүргізушісі есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмды.

  • 18 Маусым 2015
  • 335
Фото - Caravan.kz

Шымкент іргесіндегі айналма жолда Тараздан келе жатқан жолаушыға лық толы Мерседес Спринтер шағын автобусы жүк көлігімен соқтығысқан. 9 жолаушы сол жерде жан тапсырса, тағы 5-уі ауруханада бақилық болды. Қазір, жансақтау бөлімінде ауыр жарақатпен 3 азамат жатыр. Тағы екеуінің беті бері қараған. Десе де дәрігерлер барлығының жағдайы тұрақты ауыр дейді.