Шымкентте жеті жасөспірім полицияның 2 қызметкерін соққыға жықты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жеті жасөспірім полицияның 2 қызметкерін соққыға жықты

Шымкентте жеті жасөспірім полицияның 2 қызметкерін соққыға жықты

Шымкент. 28 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Уақытша оқшаулау, бейімдеу және рабилитациялау орталығының жеті мекендеушісі полицияның екі қызметкерін соққыға жықты. Бұл туралы брифингте ОҚО ІІД баспасөз хатшысы подполковник Салтанат Қаракөзова мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 28 Сәуiр 2008
  • 429
Фото - Caravan.kz

Баспасөз хатшысының айтуынша арасында екі қыз бар жеті жасөспірім орталықтан қашуды ұйымдастырып, назар аударту үшін өзара төбелскен. «Сосын олар шуға келген екі инспекторды — бір әйел, бір еркекті металл затпен жарақаттаған», — деді С. Қаракөзова.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 38 жастағы инспектордың жағдайы ауыр: омыртқасы зақымданған. Әйел адам ауыр жарақат алмаған.

С. Қаракөзова алты жасөспірім сол күні, соңғысы келер күні қамауға алынғанын хабарлады.

Аталмыш оқиға бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті