Шымкентте жезөкшелердің ыңғайсыз дыбыстарынан мезі болған жұрт биліктен көмек сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жезөкшелердің ыңғайсыз дыбыстарынан мезі болған жұрт биліктен көмек сұрады

Шымкентте жезөкшелердің ыңғайсыз дыбыстарынан мезі болған жұрт биліктен көмек сұрады

Шымкент тұрғындары пәтерді жалға берушілердің жезөкшелерді жалдайтынын айтып наразылық танытты

  • 5 Қыркүйек 2018
  • 138
Фото - Caravan.kz

Тұрғындар талай рет шағымданғанмен нәтиже шықпапты., деп хабарлайды КТК арнасы.

Төлеген Айбергенов көшесінде жалға пәтер берушілер жезөкшелер қызметін ұсынатын болған. Пәтер иелері шағымданған жұрттың сөзіне құлақ асу түгілі өздерін қорқытып-үркітетін көрінеді. Ал, балалар аулада шашылып жататын мүшеқаптарды шар деп үрлеп ойнап жүр.

“Бала-шағаңды ойласаңдар менің жұмысыма кедергі болмаңдар деп айтады. Прокуратураны сатып алғам, полицияны сатып алғанмын, олар маған жұмыс істеуге рұқсат берді, сендер кімсіңдер деп қоқаңдайды”, – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Мария Байдулла.

Тұрғындар ауланың бөтелке мен мүшеқаптан босамайтынын айтып налыды.


“Жыныстық қатынастың дыбыстары шығады. Түні бойы сол. Бала-шаға сұрайды. Оларға не деп түсіндірем?”, – дейді Наргиз Ералиева.

Тұрғындарың шуынан соң тексеріске келген учаскелік полицейлер пәтердің біріне кіріп келгенде, жалаңаш әйел мен ер адамның үстінен түсті. Олар дос екендерін айтып ақталды.

Жауап беруге қиналған болуы керек, әкімдік те ішкі істер департаменті де бізбен бұл мәселе бойынша тілдескісі келмеді. Тұрғындар бұл мәселені шешу үшін Астанадан көмек сұрайды.

Соңғы жаңалықтар