АЗ-2107 жеңіл көлігі HOWO-мен соқтығысқан. 30 және 27 жастағы екі ер адам ауыр халде аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
Екі жолаушының ішкі ағзалары зақымданған. Олар қазір ессіз халде. 30 жастағы науқастың ішінен қан кетіп, бас сүйегі зақымдалған. Миынан қан кетіп, бауыры жыртылған. Қазір апаттың мән-ажайы анықталу үстінде.