Жарияланды: 20

Шымкентте жүргізуші алты баланы қағып кетті

Шымкентте жүргізуші алты баланы қағып кетті

Шымкентте Opel Kadett маркалы автокөліктің жүргізушісі алты баланы қағып кетті.

Бұл туралы Tengrinews.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 2019 жылы 27 мамырда шамамен 15:30-да аялдамалардың бірінде болған. Зардап шеккендердің бірі қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Қалған бес бала жеңіл жарақат алған және үйлеріне қайтарылды. 

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Бірнеше сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін