Шымкентте жүргізуші полицейдің погонын жұлып алған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жүргізуші полицейдің погонын жұлып алған

Шымкентте жүргізуші полицейдің погонын жұлып алған

Полицейдің заңды талабына бағынбай, погонын жұлып алған шымкенттік жауапқа тартылды.

  • 5 Маусым 2020
  • 52
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Портал мәліметінше, 27 мамырда Арғынбеков пен Жібек жолы көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болған

"Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері Subaru автокөлігінің жүргізушісін арнайы автокөлікке отырғызып, мастығын куәландыру мақсатында наркологиялық диспансерге алып бара жатқанда 41 жастағы жүргізуші полиция қызметкерін өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып, қорлап, погонын жұлып алған", — делінген хабарламада.

Осы жағдай ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігі ("Билік өкiлiн қорла") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.


Соңғы жаңалықтар