Жарияланды: 170

Шымкентте жуынатын бөлмеден әйел мен оның сәбиінің мәйіті табылды

Шымкентте жуынатын бөлмеден әйел мен оның сәбиінің мәйіті табылды

Шымкентте сәбиі мен анасы қаза тапты.

Алдын ала дерек бойынша, олар иіс тиіп уланған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Оқиға вокзал маңындағы ауданда болған. 1979 жылғы әйел мен оның бес айлық қызының денесі жуынатын бөлмеден табылған. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр.

Еске салайық, 10 желтоқсанда Республика даңғылындағы көпқабатты үйдің пәтерінен әжесі мен үш немересінің денесі табылды. Кейінірек Шымкент әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов олардың газдан иістеніп қаза тапқанын хабарлаған еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін