Шымкентте жылу беру маусымында үзіліс болды -қала әкімінің орынбасары - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жылу беру маусымында үзіліс болды -қала әкімінің орынбасары

Шымкентте жылу беру маусымында үзіліс болды -қала әкімінің орынбасары

Шымкент. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Шымкенттің үлкен бөлігінде жаңа жылу магистралі іске қосылғанымен жылу беру маусымында үзіліс болды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Арман Құрмашев кеше қалалық әкімдікте өткен жиналыста мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі жергілікті "Отырар" телеарнасына сілтеме жасай отырып.

  • 30 Сәуiр 2008
  • 634
Фото - Caravan.kz

«Шынын айту керек, қаланың үлкен бөлігінде жылу кезеңі жауапсыздықтан орындалмады.. Жаңа жылу магистралі қосылғанымен одан нәтиже шықпады. Екі сорап станциясы тұрғызылмады, сонымен қатар қаладағы жылу беру жүйесі істен шықты. Жылу 9 дан 29 градусқа дейін толық көлемде берілмеді «, — деп хабарлады А. Құмашев.

Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары атап өткеніндей, жоспарланған жылу магистралінің құрылысы өткен жылдың қазан айында тапсырылмай, 2008 жылдың 11 қаңтарында аяқталды. Соның салдарынан қаланың үштен бір бөлігі қатты аяз тұрғанда жылусыз қалды.

Қала әкімі Арман Жетпісбаевтың пікірі бойынша, қалалық билік жобаны жасаған және құрылыс жұмыстарын жүргізген компанияларға талап қою керек. Жиналыста сонымен қатар, электр қуатын үнемдейтін ұйымдарға қатысты сын айтылды.

«Электр қуатын жеткізумен айналысатын «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС тұрғындар мен кәсіпорындардан 99 пайыз көлемде төлемдерді алдын ала жинап отырғанымен желілерді жаңартуға, тіпті қосымша құрал -жабдықтарды сатып алуға бір тиын жұмсамаған», — деп атап өтті жиналысқа қатысушылар.

Жиналыс қорытындысы бойынша, қалалық жылу беру жүйесінің жөндеу жұмыстарына 21 миллиардтан аса теңге жұмсау туралы шешім қабылданды.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Шымкентте биылғы қыста жылудың жоқтығынан мектептерде сабақтар тоқтатылып, балабақшалар жабылды. Тұрғындардан жылу жоқтығы жөнінде көптеген арыз шағымдар келіп түсіп жатты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті