Шымкенттегі оппозиция өкілдеріне қатысты оқиғаға қатысы бар күдікті ретінде бір жергілікті тұрғын ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттегі оппозиция өкілдеріне қатысты оқиғаға қатысы бар күдікті ретінде бір жергілікті тұрғын ұсталды

Шымкенттегі оппозиция өкілдеріне қатысты оқиғаға қатысы бар күдікті ретінде бір жергілікті тұрғын ұсталды

Шымкенттегі оппозиция өкілдеріне қатысты оқиғаның жай-жапсарын тексеру барысында 16-мамыр, дүйсенбіде "қонақ үй аумағында бұзақылық әрекеттерге барды деген күдікпен Арман Жұмагелдиев есімді Шымкент тұрғыны қамауға алынды". Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы бүгін, 17-мамырда таратқан баспасөз баянында атап көрсетілген. Бұл хабарлама тексеру жұмыстарына қатысты брифинг қарсаңында таратылып отыр, деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Мамыр 2005
  • 510
Фото - Caravan.kz

Баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен бас прокуратура 2-мамырдағы оқиғаның жай-жапсарын жан-жақты тексерді. Прокуратура органдарының тапсырмасына сәйкес қоғамдық тәртіпті бұзу деректері бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық тергеу мекемелері ҚР Қылмыстық Кодексінің «бұзақылық» жөніндегі 257-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Шұғыл тергеушілер тобы құрылды. Күдікті ұсталды. Алдын-ала тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2-мамырда Шымкентте»Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының Жармахан Тұяқбай, Алтынбек Сәрсенбаев және Болат Әбіловтың қатысуымен өткізілген облыстық құрылтай конференциясын ереуілшілер өткізбей тастады. Күндізгі сағат 12-де конференция өтуге тиіс «Турист» қонақүйіне екі автобус келіп жеткен. Оларда «Сіздер ұлттың ұятысыздар», «Тұрақтылықты бордай тоздырмаңыздар», «Біз президенттің саясатын қолдаймыз», «Оңтүстікте төңкеріске жол жоқ» деген жазуы бар үнпарақтар ұстап алған бір топ жастар болған. Автобуспен келгендер қонақ үйге кіре алмаған. Күзетшілер тек шақыру билеттері бар адамдарды ғана ішке қарай жіберген. Сонымен бірге күзетшілер конференциядан кейін баспасөз мәслихаты өтеді деген сылтаумен ішке журналистерді де жібермеген. Автобуспен келген жастар шабуылға көшіп, күзетшілерді жапырып ішке өткен. Ереуілшілер оппозиция мүшелеріне ыдыс-аяқ, жиҺаз, тас немесе таяқ сынды заттарды лақтыра бастаған. Соның салдарынан «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының жетекшілері оқиға орнынан қашып шығуға мәжбүр болады.

Соңғы жаңалықтар