Шымкентті дамытуға 170 миллиард теңге қаржы бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентті дамытуға 170 миллиард теңге қаржы бөлінді

Шымкентті дамытуға 170 миллиард теңге қаржы бөлінді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент жұртшылығымен кездесуінде қаланы дамытуға 170 миллиард теңге қаржы бөлінгені туралы айтты.

  • 27 Қыркүйек 2022
  • 28
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Akorda.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Президенттің кездесуде сөйлеген сөзі:

▪️ Шымкентті дамытуға 170 миллиард теңге қаржы бөлінді;

▪️ 1,5 триллион теңгеден астам инвестиция тартылды;

▪️ қала бюджеті 4 есе өсті;

▪️ қаладағы өнеркәсіп өнімі 65 пайызға артты;

▪️ аумағы 2,5 миллион шаршы метрден асатын тұрғын-үй салынды;

▪️ соңғы жылдары шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 40 пайызға жетті, осы салада 180 мыңға жуық адам жұмыс істейді;

▪️ соңғы кезде шаһарға іргелес жатқан 41 елді-мекен қосылды;


▪️ инженерлік инфрақұрылымның қуатын арттыруға 4 жылда республика бюджетінен 135 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді;

▪️ жылдың соңына дейін 15 мың тұрғыны бар Құрсай аумағына ауыз су жеткізіледі;

▪️ Шымкентте 5 жылдың ішінде 101 мектеп салу жоспарланған;

▪️ қалада соңғы екі жылда 50 жекеменшік мектеп ашылды.