Шымкенттік бизнесмендер қала саябақтарын коммерциялық нысандардан босатуға дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттік бизнесмендер қала саябақтарын коммерциялық нысандардан босатуға дайын

Шымкенттік бизнесмендер қала саябақтарын коммерциялық нысандардан босатуға дайын

Шымкент. 20 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Жергілікті билік өкілдері мен саудагерлер қаладағы саябақтардың аумағында орналасқан жеке жер телімдерін муниципалдық меншікке өткізудің өзара пайдалы процедураларын әзірлеуде, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

  • 20 Қыркүйек 2007
  • 598
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, облыс әкімімен кездесуде саудагерлер құрылыстарды өз еріктерімен бұзып, жер телімдерін қайтаруға уәде берді, бірақ өздеріне келген шығынды қайтаруды қалайды.

«Мен құрылыс салуға ақшаны банктен алғам, барлығын жұмсадым. Маған өтемақы керек. Тәуелсіз бағалаушылар бағаласын. Бізге өз қаржымызды қайтарыңыздар. Осы жағдайда біз бұл жерлерді беруге дайынбыз»,- деді сөз сөйлегендердің бірі.

Нұрғали Әшімов оларға жауап ретінде, әрбір жеке жағдайға өтемақы сомасын анықтайтын арнайы комиссия құрылады, деп мәлім етті. Ол сондай-ақ, биліктің тек нақты шығындарды ғана төлейтіндігін атап көрсетті.

«Бұл жерде болашаққа болжанған пайданы қосудың қажеті жоқ. Сіздер бұл бизнестерді белгілі бір уақыттарда жасадыңыздар. Ол сіздерге пайда әкелді»,- деді Н. Әшімов.

Облыс әкімі сондай-ақ бизнесмендерге өтемақы ретінде Шымкенттің оңтүстік шетінен жер телімдерін ұсынды, онда бас жоспар бойынша үлкен сауда-логистикалық орталық салу жоспарланған.

Баспасөз қызметі қызметкерлерінің айтуынша, Н. Әшімов саябақтардың мемлекет меншігі екендігін және де онда ешқандай сауда нысандарының болмайтындығын нақты түсіндіріп өтті.

Бұрын хабарлағанымыздай, Шымкентте сегіз саябақ бар. Саябақтың 72 гектар жері 112 жерді пайдаланушыға бөлініп берілген. Ауданы бойынша ең үлкен қалалық саябақ — Абай саябағы — 2002 жылы 40 гектардың 35 гектары әкімнің шешімі негізінде жеке меншікке берілген болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті