Шымкенттік жігіт карантиннен қашып кетті (Видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттік жігіт карантиннен қашып кетті (Видео)

Шымкенттік жігіт карантиннен қашып кетті (Видео)

Түркістан облысында шетелден келген ер адам карантиннен қашып кетті.

  • 18 Наурыз 2020
  • 329
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол Қазығұрт аудандық ауруханасында уақытша оқшауланған адамдармен бірге, тұрып жатқан. Дәрігерлердің көзін ала бере ізін суытқан жігіт Шымкенттің тұрғыны екен. Қазір, осы жәйтке байланысты өңірдің полицейлері қылмыстық іс қозғап үлгерді. Ал, Шымкентте 68 адам жұқпалы аурулар ауруханасының карантиніне жатқызылған. Олар күндіз-түні дәрігерлердің бақылауына алыныпты. Қашқын жігіт қайда жүр? Егер ол ұсталған жағдайда, қандай жауапқа тартылуы мүмкін. 

Дүйім елді дүр сілкіндірген оқиға Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында болған. Вьетнамда жұмыс істеген шымкент тұрғыны Мәскеу арқылы Алматыға ұшақпен қонған. Сол сәтте жолаушылардың бірінен коронавирус белгісі анықталып, ол Қазығұрт аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына жедел-жәрдеммен жеткізіліпті. Алайда, көп ұзамай қашып кеткен. Бұл жағдай, өңірдің тәртіп сақшыларын аяқтан тік тұрғызды. Жедел іздестіру барысында, ер адам Арыс қаласындағы ата-анасының үйінен ұсталды.

САЛТАНАТ ҚАРАКӨЗОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
«Оған қатысты ҚР ҚК 304 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті. Жүргізіліп жатыр. Тоық мән-жайы тергеу барысында анықталады».

Қашқын осы күні Қазығұрттағы жұқпалы аурулар ауруханасына қайта жатқызылды.

Ал, Шымкентте 68 адам карантинде жатыр. Олар Қытай, Иран, Италия және Оңтүстік Корея мемлекеттерінде жұмыс істеген отандастарымыз. Көпшілігі 25-40 жас аралығындағы еңбекке жарамды ер адамдар. Арасында бір Өзбекстан азаматы мен Жамбыл облысының тұрғыны бар. Қалғаны Түркістан мен Шымкенттің азаматтары. Олардің кейбірі 12 күн болыпты жатқандарына. Енді екі күннен кейін, алды үйлеріне шығарылады дейді дәрігерлер.

МЕЙРАМБЕК ҚҰДИЯРОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Олардың жатқызылу себебі, коронавирус тарап жатқан мемлекеттерге барып келулеріне байланысты келгеннен кейінгі границадан өткен заматтан бастап, осы жерге оқшаулауға жатқызылды. Олар «А» категориясына жататын мемлекеттерге барып келгеніне байланысты жатқызылып отыр. 17-ші наурызға дейін қаламызда коронавирусқа шалдыққан науқас тіркелмеген.

Провизорлық госпитальде 14 күн жатқызылады. Осы уақыт аралығында түрлі сынамалар алынып, тексеруден өткізіледі. Ал, емдеуші дәрігерлер мен медбикелер арнайы дәрістен өткен мамандар. Айтпақшы, карантиннен қашқан жігіт екінші адам. Бұған дейін дәл осындай жағдаймен алматылық тұрғын ұсталған болатын.


 

Соңғы жаңалықтар