Жарияланды: 60

Шымкенттің 56 жастағы тұрғыны көршісінің 7 жасар қызын зорлады

Шымкенттің 56 жастағы тұрғыны көршісінің 7 жасар қызын зорлады

Бүлдіршіннің әке-шешесі сұмдық жағдай орын алған кезде жұмыста болған

Шымкентте көршісінің 7 жасар қызын зорлаған 56 жастағы ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды

4 қазанда бір перзентке зар боп жүрген ер адам 2-ші сынып оқушысын зорлаған. Жасы алпысты алқымдаған шымкенттік көршісінің 7 жасар қызын өз үйіне ертіп әкеп азғындық әрекеттерін жасаған. Өзі отбасылы, зайыбы жұмыста болған уақытты пайдаланып, арам пиғылын іске асырған.

2011 жылы туған қыз бала апасының қарауына қалдырылған екен. Бүлдіршіннің әке-шешесі сұмдық жағдай орын алған кезде жұмыста болған. Күдіктінің өзі бұл іске алкогольді ішімдік ішіп, яғни мас халде барғанын айтып отырған көрінеді.

1962 жылы туған күдіктіні тәртіп сақшылары құрықтады.

"Ол ҚР ҚК-нің 121-бабы, 4-ші бөлігімен айыпталып отыр. Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу соты күдіктіні тергеу кезінде қамауға алу туралы санкция берді", — деп хабарлады Шымкент қаласы тергеу сотының судьясы Сержан Айнабеков.



 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть