Шын өмірде саxнадағыдай емеспін - Жазира Байырбекова - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шын өмірде саxнадағыдай емеспін - Жазира Байырбекова

Шын өмірде саxнадағыдай емеспін - Жазира Байырбекова

Шын өмірде саxнадағыдай емеспін - Жазира Байырбекова.

  • 2 Тамыз 2018
  • 187
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Өзіне жиі айтылатын сыни пікірге әнші инстаграм парақшасында былай деп жауап берді:

"Жазира шын өмірде саxнадағыдай емес"-деп кейбіреулер айтса дұрыс айтады,сеніңіздер.
Жәй жүргенде саxналық көйлекпен жүрмеймін,макияж жасамаймын,қабағым түйіліп жүретін кездер де,жымиып қуанып жүретін кездер де болады,тез ашуланып,тез басыламын.
Күнде таңғы 5-6 да аэропортқа шығып,түнгі екіге дейін жүріп,тәулігіне 1-2 сағаттан ғана ұйықтап жүрген күндері xалықтың тілімен айтқанда "жұлдыз ауруы" мен ауырып қаламын.
Жаңа ғана ұшақтан күтіп алған кісілерге сәл ғана ұнамай қалған істері үшін сабыр сақтамай кішігірім мінез көрсетіп,5-10 минуттық "жұлдыз ауруымен" ауырдым.
Ия,ондай ондай болып тұрады арасында.Үнемі мақтау ести бергеннен арасында тіл-көз өтпеу үшін артыңнан жаман сөздің де боланы дұрыс дейді білетіндер.Кейде періште емес пенде екеніңді,ашуланатын,мұңаятын,қуанатын кездеріміздің болатынын несіне жасырамыз…
Қалай болғанда да өмірді сүйемін.Өмір деген ол сіздер! 😘😘😘
Дәл қазір Түркістан обл орталығы Қасиетті Түркістан қаласына жолға шықтық.
Қайырлы таң!

Соңғы жаңалықтар