"Шынтасовтардан қорқу керек!": Кеден бекеті орналасқан шекара түбіне қонақ үй, дәмхана салып тастаған "дәу" кім? - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шынтасовтардан қорқу керек!": Кеден бекеті орналасқан шекара түбіне қонақ үй, дәмхана салып тастаған "дәу" кім?

"Шынтасовтардан қорқу керек!": Кеден бекеті орналасқан шекара түбіне қонақ үй, дәмхана салып тастаған "дәу" кім?

Қоғам белсендісі, Әулиеата өңірінің тумасы Жасұлан Әбдіхалық Қордайдағы шекара түбінде өз кәсібін дөңгелетіп, заңды белшесінен басып отырған шенеунік туралы айтып желіні шулатты. 

  • 4 Қараша 2022
  • 40
Фото - Caravan.kz

Ал, дәулеті асқан азаматтың шекара түбінде салған ғимараты ел аралық қатынаста ыңғайсыздық тудырып отыр. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы белсендінің фейсбук желісіндегі жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мына төмендегі видеодағы ғимарат кеше мен жазған Шынтасов деген дәудікі. Әлгі, халықтың жерін тартып алып пайын бермей заң еңіретіп жүрген қарабай! Ешкімнен рұқсат алмастан дәл кеден бекеті орналасқан шекараның түбіне қонақ үй, кафесімен салып тастаған. Салынған ғимараттың сыртын айнала қоршап тастаған. Онсыз да ат айналып жүре алмайтын жерде ұзын-сонар кезек! Кептеліп қалған көліктер! Ал, Шынтасовқа бәрібір. Прокурорыңа да, сотыңа да пысқырып қарамаған. Ал енді бұл жер соттың шешімімен бұзылғалы жатыр. Кінәсын мойындап, алыстау жерден ғимарат соғайын деген кәсіпкер жоқ!" — деп жазды Жасұлан Әбдіхалық.

Осылайша автор шекарадағы жағдайды суреттеп, Шынтасовты сынға алды.

"Шынтасов қайта күшеніп, билікке ультиматум қойып отыр. Егер де дейді, ғимаратымды сносқа жіберсеңдер, халықты жиып митингіге шығамын, Тоқаевқа қарсылығымды білдіремін, бунт көтеремін. Бұған кім ілеседі, заңсыз соғылған ғимаратты қиратты деп кім көшеге шығады десеңдер, қатты қателесеміз. Бүкіл Қордайдың бизнес нысандары Шынтасовтардың қолында. Төмендегі суреттегі базар, дүкендер, дәріханалар, бутиктер, кафелер, заправкалар! Бұлардың барлығында аренда төлеп адамдар нәпақасын тауып, күнін көріп отыр. Көшеге шықсаңдар аренданың бағасын түсіремін, шықпасаңдар көтеремін десе жетіп жатыр. Кредитте отырған байқұс саудагерлер ылажсыз көшеге шығады, — деп жазды ол.

"Сондықтан Шынтасовтардан қорқу керек! Мұндай байлар мемлекетке өте қауіпті! Ұлттық қауіпсіздік қызметі қазірден алдын-алмаса, шекараның түбінен мұндай бунт шықса, арғы жағы ұлтараздық дауға ұласып шиеленісіп кетеді. Қордай деген шырпы тисе шырт еткелі тұрған шекарадағы қиын аймақ. Сондықтан Үйсімбаев сияқты идеологсымақтар көлеңкелі кабинетте отыра бермей барыңдар, сөйлесіңдер, реттеңдер! Әншейінде ФБ-да жазғанды сотқа сүйреп жүрсіңдер. Ал митинг жасаймын деп іріткі салып отырған Шынтасовқа шамаларың жетер ме екен көрейін. Ертең кеш болады!" — деді Ж. Әбдіхалық.


Ал, желідегі оқырмандар "Ешкімнен рұқсат алмай мына зәулім ғимараттарды шекараның түбіне қалай салды екен?" "Ақшаң болса қалтаңда талтаңда да, талтаңда деген осы" деп пікірлерін жазып жатыр.