Шырын Нарчаева: Менің жалаңаш суретке түскенімді анам да, әжем де қолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шырын Нарчаева: Менің жалаңаш суретке түскенімді анам да, әжем де қолдады

Шырын Нарчаева: Менің жалаңаш суретке түскенімді анам да, әжем де қолдады

Қазақтың әшекейін тағып, сәукелесін киіп жалаңаштанып танылған Шырын Нарчаева өз әрекетін түсіндірді.

  • 20 Желтоқсан 2018
  • 226
Фото - Caravan.kz

Бойжеткеннің айтуынша, бұл ешқандай ұятты іс емес. Жай ғана эстетика саналады, деп хабарлайды НТК арнасы.

“Бұл мен үшін жағымсыз іс емес. Мен омырауымда ашық көрсетіп тұрған жоқпын. Егер 15 жастағы қыз бала босанып тастап кетсе, ол ұят. Ал, менікі жай ғана эстетика. Бастапқыда туыстарым басқаша көзқараспен қарады. Ал, анам мені түсініп қолдау білдірді. Өмір бір-ақ рет беріледі. Оны қалай сүргің келсе өзің білесің деді. Туыстарыма да осыны айтып түсіндірді. Қазір әжем де, басқаларды менің әрекетімді құптайды”, – дейді бойжеткен.

Айтуынша, осы әрекеті үшін желде жағымсыз пікір жазып, қорқытып-үркітетіндер де көп екен.

“Сені тауып алам, жазаңды берем. Мен саған қалай жүру керек екенін үйретем деп қорқытып жатады. Кейде шынында да қорқасың”, – дейді Шырын.


Бұған дейін бойжеткен әшекеймен, кейін сәукелемен жалаңаш түскен еді.

Шырын Нарчаеваның бұған дейін Қазақстанның тәуелсіздігін қашан алғанын білмей ұятқа қалғанын жазған едік. Кейіннен бойжеткен сәукелемен жалаңаш түсіп Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

Соңғы жаңалықтар