ШЫҰ мен АӨСШК хатшылықтары өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШЫҰ мен АӨСШК хатшылықтары өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

ШЫҰ мен АӨСШК хатшылықтары өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Бүгін, 20 мамырда  Шанхай халықаралық көрме орталығының баспасөз орталығында Шанхай ынтымақтастық ұйымының хатшылығы мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің хатшылығы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

  • 20 Мамыр 2014
  • 283
Фото - Caravan.kz

ШЫҰ Хатшылығының хабарламасында жазылғандай,  оған ШЫҰ бас хатшысы Д.Ф. Мезенцев пен  АӨСШК  атқарушы директоры Ч. Алдемир қатысты.

 Тараптар аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, терроризммен және есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес мәселелерінде тиімді және конструктивті ықпалдастықты кеңейтуге әзір.

Шара 20-21 мамыр аралығында өтетін АӨСШК мүше елдердің мемлекет және үкімет басшыларының IV Саммитіне орайластырылған.