Си Цзиньпин қытайлықтарды тамақты үнемдеуге шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Си Цзиньпин қытайлықтарды тамақты үнемдеуге шақырды

Си Цзиньпин қытайлықтарды тамақты үнемдеуге шақырды

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин ел тұрғындарын тамақты үнемдеуге шақырды.

  • 11 Тамыз 2020
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қытай төрағасының айтуынша, жыл сайын елде бидай өндіру көлемі артып келеді. Оның пікірінше, соған қарамастан әрқашан азық-түлік қауіпсіздігін басты назарда ұстаған жөн. 

Осы жылғы коронавирус пандемиясы елдің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер тигізген.

"Заңды, бақылауды күшейтіп, тиімді шараларды қолдану керек. Азық-түлікті бей-берекет пайдалануға жол бермес үшін оның алдын алу қажет. Осы мәселеде насихатты күшейту керек"
, — дейді Си Цзиньпин.

Синьхуа агенттігінің мәліметінше, Қытай төрағасы әрқашан елдің азық-түлік қауіпсіздігіне баса мән берген. Ол осыған дейін де тамақ қалдықтарын азайтуға шақырған.

Соңғы жаңалықтар