Американың Сиэтл қаласындағы «Пасифик» университеті ғимаратында атыс болды.
Салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақаттанды, деп хабарлайды Си-Эн-Эн телеарнасы.
Жергілікті полицейлердің мәліметіне сүйенсек, қару қолданған 26 жастағы еркектің университетке еш қатысы жоқ көрінеді. Күдікті бірден қамауға алынды.