СІМ АҚШ-та өткен бейресми кездесуге қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СІМ АҚШ-та өткен бейресми кездесуге қатысты

СІМ АҚШ-та өткен бейресми кездесуге қатысты

БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы шеңберінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі өтті, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

  • 24 Қыркүйек 2019
  • 8
Фото - Caravan.kz

«Кездесу қатысушылары ағымдағы жылдың маусым айында Душанбе қаласында өткен АӨСШК 5-ші Саммитінің қорытындысын талқылады, ал іс-шараның декларациясында Азиядағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың негізгі мәселелері жөніндегі кеңес мүшелерінің ұстанымдары мен көзқарастары көрініс тапты, сондай-ақ Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың АӨСШК негізін қалаушы ретіндегі жеке рөлі және оның Кеңес әлеуетін арттыруға қосқан елеулі үлесі атап өтілді», — делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, АӨСШК-тегі Қазақстанның алдағы төрағалығына ерекше назар аударылды. ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді 2020-2022 жылдары Қазақстанның төрағалық етуге кеңесте арналған өтінімін бірауыздан қолдағаны үшін АӨСШК мүше мемлекеттеріне алғыс білдірді.

Делегация басшылары Қазақстанды АӨСШК-тің келесі төрағасы ретінде құттықтап, кеңес шеңберінде ынтымақтастықты дамытудағы еліміздің жетекші рөлін атап өтті.

Министр өз сөзінде АӨСШК-ті дамыту көзқарасымен және Форумға төрағалық ету кезеңінде Қазақстанның назарын аударатын басымдықтарымен бөлісті. Олардың қатарында – АӨСШК-ті дәйекті институционалдық дамыту, Сенім шаралары каталогының бес өлшемінің шеңберінде Форумның қызметін мазмұнды толықтыру, сондай-ақ басқа да халықаралық және өңірлік институттармен өзара іс-қимылды одан әрі күшейту.

АӨСШК қызметінің қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында жоғары өзектілігі және зор экономикалық және адами әлеуетке ие Азиядағы қауіпсіздік пен өзара байланысты нығайту үшін өңірлік кооперацияның тиімді платформасы ретіндегі маңыздылығы атап өтілді.


1992 жылғы 5 қазанда Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев Азиядағы қауіпсіздік проблемалары бойынша консенсус негізінде диалог, консультациялар, шешімдер қабылдау және шараларды жүзеге асыру үшін мемлекетаралық форум болып табылатын АӨСШК-ті шақыруға бастама жасады. Бүгінгі таңда АӨСШК-ке Азияның 27 мемлекеті мүше, 8 ел мен 5 халықаралық ұйым бақылаушы болып табылады.

Соңғы жаңалықтар