СІМ қазақстандықтарға Бельгияда қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 524.24
  • 612.94
+31 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СІМ қазақстандықтарға Бельгияда қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады

СІМ қазақстандықтарға Бельгияда қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады

Қазақстан СІМ қауіпсіздік мақсатында Брюсселдегі қазақстандықтарға бельгиялық биліктің ұсыныстарын ұстануға кеңес беріп отыр.

  • 24 Қараша 2015
  • 527
Фото - Caravan.kz


Сейсенбіде СІМ таралған ақпаратта атап өтілгендей, 20 қарашаның кешінен бастап осы кезге дейін Брюссельдік астаналық аумақта жәна оған жақын орналасқан Вильворде комунасында террористік қауіптің 4-ші деңгейі сақталған.
Осы орайда Брюссель халқына адам көп жиналған жерлерден аулақ болу, қауіпсіздік қызметтерінің нұсқауларын орындау, билік пен полиция қызметінің ресми ақпаратына арқа сүйеу ұсынылған.
Бельгиядағы Қазақстан елшілігі штатты режимде жұмыс істеп жатыр, ондағы республика оқушылары және уақытша барған азаматтармен әрдайым байланыста болып, хабарларын біліп отыр.