Жарияланды: 20

СІМ Қытайдағы қазақстандықтың өлімі туралы хабарлама таратты

СІМ Қытайдағы қазақстандықтың өлімі туралы хабарлама таратты

2019 жылдың 26 сәуірінде Чанчжоу қаласындағы (Цзянсу провинциясы, ҚХР) тұрғын үйлердің бірінің 17-қабатынан құлау салдарынан Цзянсу провинциясының технологиялық университетінің студенті, 1995 жылы туған ҚР азаматшасы Сандира Серікханова қайтыс болды.

ҚР Сыртқы істер министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, бұл қайғылы оқиға туралы ақпаратты алғаннан кейін ҚР Шанхайдағы Бас консулдығының қызметкерлері марқұмның ата-анасына дереу хабарлап, сондай-ақ еліміздегі Қытай елшілігінде Сандира Серікханованың әкесіне және ағасына ҚХР визаларын жедел ресімдеуге көмек көрсетті. 

"Олар Чанжоу қаласына келгеннен кейін ҚР Шанхайдағы Бас консулдығының дипломаттары Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің өкілдерімен, Сандира Серікханова оқыған университеттің және сақтандыру компаниясының өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. Өткен кездесуде туған-туыстарына Сандира Серікханова қаза тапқан үйдің подъездінде орнатылған камералардың тиісті бейнематериалдары көрсетілді. Тергеу әрекеттерінің нәтижелеріне сәйкес, өлім жазатайым оқиға салдарынан болғаны анықталды. Кісі өлтіру күдігі анықталған жоқ", - деп хабарлады министрлікте.

Қазақстандық дипломаттар Шанхайда қаза тапқан ҚР азаматының мәйітін Отанына тасымалдауға көмек көрсетті. 2 мамырда Сандира Серікханованың денесі Пекиннен Нұр-Сұлтанға жеткізілді.

"Осы жылдың 22 мамырында қайтыс болған Сандира Серікханованың әкесі ҚР Шанхайдағы Бас консулдығына оның қызының қайтыс болуы туралы істі қайта қарауды сұрап, еліміздің дипломаттары ҚХР полициясына тиісті өтініш жолдап, нәтижесінде бұл істің қайта қаралуы басталған", - делінген таратылған хабарламада.

Істі қайта қарау қорытындысы бойынша Қытай полициясы Сандира Серікханованың өлімі жазатайым оқиғасы салдарынан болғанын растады. Кісі өлтіру күдігі қайта анықталған жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін