Симптомдары бар адамдар ғана тест тапсыруы керек - Ұлттық сараптама орталығының басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Симптомдары бар адамдар ғана тест тапсыруы керек - Ұлттық сараптама орталығының басшысы

Симптомдары бар адамдар ғана тест тапсыруы керек - Ұлттық сараптама орталығының басшысы

Симптомдары бар адамдар ғана тест тапсыруы керек.

  • 24 Маусым 2020
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ұлттық сараптама орталығының елордадағы филиалының басшысы Талғат Тұңғышбаев айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Ұлттық сараптама орталығы бірнеше қаладағы жеке тұлғалар арасында ақылы тестілеу өткізуді тоқтатты, бірақ орталық мемлекеттік емханалармен, ауруханалармен жұмыс жасауды жалғастырып жатыр.

"Дені сау адамдар орталықтарға көптеп бара бастады. Бұл дұрыс емес! Осындай әрекеттер зертханаларға үлкен жүктеме болуда. Біз жеке тұлғалар арасында ақылы ПТР тестілеуді тоқтатуға шешім қабылдадық. Емханалармен және ауруханалармен жұмыс жасауды жалғастырамыз. Біз оларға баса назар аударамыз. Себебі симптомдары бар адамдар тесттерді жылдам тапсырып, тез нәтиже алуы керек",
— деді Тұңғышбаев.

Соңғы жаңалықтар