Жарияланды: 440

Синайда қонақүй маңында екі жарылыс болды

Синайда қонақүй маңында екі жарылыс болды

Мысырдағы Синай түбегінің солтүстігіндегі  Эль-Ариш қаласында қонақ үй маңында сейсенбі күні таңертең болған жарылыс салдарынан 3 адам қаза тауып, 12 адам жарақаттанды, деп хабарлады мысырлық телеарнадан.

Қаза тапқандардың ішінде бір полицей, жарақаттанғандардың ішінде полицияның тоғыз қызметкері бар.

Полиция ақпаратынша, парламенттік сайлаудың өту барысын бақылаған судьялар тұрған қонақ үй маңында миналанған көлік жарылды, бірнеше уақыттан кейін тағы бір жарылыс орын алды, деп жазды  РИА Новости.

Эль-Ариш қаласы Солтүстік Синай провинциясының орталығы.  Ол 31 қазанда лаңкестік акті  салдарынан А321 ресейлік жолаушылар ұшағы құлаған жерден жүз шақырымдай жерде орналасқан.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін