Жарияланды: 530

Сингапурдың индустрия және сауда министрі ресми сапармен Қазақстанға келеді

Шілденің 18-22 аралығында Қазақстанға Сингапурдың индустрия және сауда министрі Джордж Ео ресми сапармен келгелі отыр. Бұл туралы инвестицияға ықпал жасау жөніндегі Қазақстандық орталығы - "Казинвест"-тен хабарлады.

Аталмыш сапар аясында "Казинвест " Сингапурдың индустрия және сауда министрлігінің жанындағы халықаралық кәсіпкерлікке ықпал жасау жөніндегі Сингапурлық кеңеспен бірлесе отырып бизнес-форум өткізбекші. Онда ҚР индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков баяндама жасайды деп межеленген. Шараның басты мақсаты - сауда, экономика, инвестиция және ғылыми-техникалық салада екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту болып табылады. Сондай-ақ, шара аясында екі ел компаниялары арасындағы кездесулер ұйымдастырып, сингапурлық компаниялардың тұсаукесерін өткізу жоспарланған. Форумға Food Empire Holdings (азық-түлік өнімдері мен сусындар өндіруші), Keppel Offshore & Marine (мобильді конструкцияларды жөндеу, жобалау және салу жұмыстарымен айналысады), CrimsonLogic (сауда-саттық, логистика, денсаулық сақтау және мемлекеттік сектордағы инновациялық қызметпен айналысушы), CSE Global (бағдарламалық қамтамасыздық , желілік және телекоммуникациялық қамтамасыздықпен айналысады) және т.б. компаниялар қатысады. Форум жұмысы Қазақстандық, Сингапурлық және трансұлттық компаниялардың қатысуымен өткізілетін қабылдау шарасымен аяқталады. Қазақстан мен Сингапур арасындағы дипломатиялық байланыстың арқау негізі 1993-жылдың 30-наурызында қаланды. 2002-жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 13,8 млн. долларды, соның ішінде экспорт - 5,9 млн. долларды, импорт - 7,9 млн. долларды құрады. Бүгінде Қазақстан аумағында 6 бірлескен кәсіпорын тіркеліп, сингапурлық 5 фирма аккредитацияланған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін